Қош келдіңіздер!

Welcome! Добро пожаловать!

Big image

Құттықтаймыз! Поздравление! Congratulations!

Құрметті ата-аналар!

Сіздерді 2013-2014 оқу жылымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында балаларыңыз білім асуларын мықты күш-жігермен, шығармашылық ізденіспен бағындырады деп сенеміз!

Уважаемые родители!

Администрация школы и педагогический коллектив поздравляет Вас и ваших детей с началом учебного года!

Мы всегда рады видеть вас в стенах нашей школы и надеемся на тесное сотрудничество и взаимопонимание, которые помогут работать и учиться в этом школьном году, полном новых знаний, исследований, увлечений и интересов.

Мектеп тынысы / Ритм школы

1. Распорядок дня

8, 9 сынып/класс/grade

8.00 - 8.15 –таңғы ас/завтрак/breakfast

8.30 – 11.50 - cабақтың басталуы/начало занятий/beginning of the lessons

12.00 – 12.20 – түскі ас/обед/lunch

12.40 - 15.50 - cабақтар / занятия / lessons

16.00 – 16.10 – бесін ас/полдник/dinner

16.10 – 18.00 – өз тәжірибесінен үйрену/кружки/experiential learning


11, 12 сынып/класс/grade

8.00 - 9.00 –cабақтың басталуы/начало занятий/beginning of the lessons

9.10 - 9.25 - таңғы ас/завтрак/breakfast

9.40 – 12.50 - cабақтар / занятия / lessons

13.00 – 13.20 – түскі ас/обед/lunch

13.40 - 15.45 - cабақ/ занятия / lessons

16.10 – 18.00 – өз тәжірибесінен үйрену/кружки/experiential learning

16.30 – 16.40 – бесін ас/полдник/dinner


2. Каникулярное время:

23.10-27.10 – күзгі/осенние (5 күн/дней)

21.12 – 08.01 – қысқы/зимние (19 күн/дней)

21.03 – 26.03 – көктемгі/весенние (6 күн/дней)

26.05-31.08 – жазғы/летние


3. Мектеп киім үлгісі / Школьная форма

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларға қояр талаптарының бірі – тәртіпке шақыратын, мектеп күн тәртібін ұйымдастыратын, мектеп миссиясын және жауапкершілігін қалыптастыратын бірыңғай мектеп киім үлгісі. Сондықтан да, әр оқушы мектеп киім үлгісін қатаң ұстануы тиіс.


Согласно требованиям Назарбаев Интеллектуальной школы г. Астаны учащиеся обязаны носить единую школьную форму как показатель дисциплинированности и ответственности.


4. Назар аударыңыз! Внимание!

Ауа-райының қолайсыздығынан жаңа мектеп құрылысының берілу уақытынан кеш қалуына байланысты оқу үдерісі Педагогикалық шеберлік орталығының ғимаратында өтеді. Бұл оқыту сапасына кері әсерін тигізбейді, барлық оқу жүктемелері өз деңгейінде талапқа сай жүргізіледі. Сіздерді осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.


В связи с задержкой строительства нового здания и увеличением контингента учащихся школы, 9-е и 11-е классы будут обучаться в здании Центра педагогического мастерства, по адресу: ул. Туркестана, 3 (рядом со школой), занятия для 7-8-х , 12-х классов будут проводиться в здании школы. Просим вас принять во внимание данную информацию и отнестись с пониманием. Данная ситуация не повлияет на качество обучения учащихся.



Our teachers...

В нашей школе продолжают свою работу иностранные учителя-эксперты:



Ferro-Isaza Liliana TOK coordinator-ТОК -координатор

Devanney Matthew History teacher and Curriculum coordinator-учитель истории и координатор учебной программы.

O’Rourke Robert English, Teaching &Learning coordinator-учитель англ.яз. и координатор по преподаванию и обучению

Massad Reg Maths teacher and Head of Maths department-учитель математики и заведующий кафедрой математики

Burke Melodie Chemistry teacher-учитель химии

Gutstein Lauren English teacher-учитель англ.яз.

Malloy Michael English teacher-учитель англ.яз.

McHutchon David English teacher –учитель англ.яз.

Campbell Clint James Humanities teacher- преподаватель гуманитарных наук

Campbell Jennifer Louise Mathematics teacher-учитель математики

Davies Trevor Adrian Bamidele Physics teacher-учитель физики

Abadia Klinge Lizbeth Visual Arts teacher-учитель изобразительного искусства

Foster Wade Frederick Physical Education teacher-учитель физкультуры

Arbon Paul Frederick ITGS teacher-учитель информационных технологий

Asha Rani ITGS teacher учитель информационных технологий

Mutoko John Biology teacher-учитель биологии

Rodriguez P. Jr. Bertrand Biology teacher -учитель биологии

Bontly Susan W. Librarian-библиотекарь

Lippincott Brenda Joyce English teacher –учитель английского языка


Hotliner

«Ұлы Жібек Жолы бойындағы Шымкент шаһарына»

2012 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзіндік патриоттық жоба – «Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедициясы өз жұмысын бастады.

Бұл игі шара оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын танып білуге, оқушы бойында Отанға деген патриоттық сезімді арттыруға септігін тигізеді. Экспедиция барысында оқушылар сол жердің тарихын, мәдениетін, инновациялық объектілерін, топонимикасын, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін зерттеп, таниды.

Біздің мектеп оқушылары биылғы оқу жылының 01.07-10.07.2013 ж. аралығында «Ұлы Жібек Жолы бойындағы Шымкент шаһарына» экспедиция жасап келді. Экспедицияға жетекшілік жасаған 10 мұғаліммен іріктелген 48 оқушы қатысты. «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы жаңа оқу жылында да жұмысын одан әрі жалғастырмақ.

Международная конференция по Википедии

С момента появления интернет-энциклопедии в 2005 году, «Википедия» стала очень популярной, и ежегодные международные конференции по Википедии проводятся в различных уголках мира: во Франкфурте (Германия), Бостоне (США), Тайпей(Тайвань), Александрия (Египет), Буэнос-Аэрос (Аргентина), Гданьск (Польша), Хайфа (Израиль), Вашингтон ДС ( США). В этом году конференция «Викимания 2013» состоялась в Гонконге (КНР), в ней приняли участие эксперты, профессора и энтузиасты Википедии, а также наши учащиеся 9а класса: Оксупбаев Азат, Сабит Сангуль и Омаркул Жанерке. Ребятам представилась счастливая возможность получить ответы на интересующие их вопросы касательно структуры Википедии, написания статей для нее и перспектив дальнейшего развития Википедии в Казахстане. Наши счастливчики участвовали в работе таких секций, как «Визуальный редактор: Настоящее и будущее редактирования наших вики», «Расширение визуального редактора», «Дух перевода Викимедия», «Проект Википедии семиклассников», «Презентация и преподавание Википедии», «Википедия и начальная школа». Встреча учащихся НИШ с соучредителем Викпедии Джимми Уэйлсом воодушевила и вдохновила их на создание Википедии на казахском языке, и развитие этого полезного сайта в своих школах и по всему Казахстану. Наши участники внесли национальный колорит и патриотизм в работу конференции.

Учительский состав также имел возможность познакомиться, пообщаться с увлекательными людьми, профессионалами своего дела и получить действенные советы по обучению коллег и учеников по пользованию и продвижению Википедии.

Подробный отчет по поездке будет внесен на казахстанские страницы Википедии, что даст возможность каждому хотя бы визуально ощутить и «вдохнуть» дух конференции «Викимания -2013».

Әлемдік Халықаралық Бакалавриат Конференциясы

Он бірінші және он жетінші тамыз аралығында Гонконг Университетінде Азияның тұңғыш Әлемдік Халықаралық Бакалавриат Конференциясы (IB World Student Conference) өтті. Жиырма жеті ұлт өкілдері, Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарламасы бойынша бірінші және екінші жыл білім алып жатқан оқушылары батыс пен шығыс әлемінің көпірі саналатын Гонконг қаласында кездесті.

Қазақстаннан бұл конференцияға Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Утжанова Әсия қатысты

Біздің мекенжайымыз

Астана қаласы
Түркістан көшесі 2/1