My Smore Flyer
НЗМ(Назарбаев Зияткерлік мектептері)
Қазақстан Республикасындағы қазіргі бар білім беру талаптары мен стандарттары білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын лайықты деңгейде енгізуге, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермеді.
Осыған байланысты инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін қажетті білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын енгізу, академиялық еркіндік пен дербестікті дамыту үшін 2011 жылғы 19 қаңтарда «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы » Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Бұл мәртебе білім беретін оқу бағдарламаларын дербес бекітуге, қабылдау емтихандарына қойылатын талаптарды белгілеуге, үлгерімділікті ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестациялау мен басқаларына құқықты білдіреді. Академиялық еркіндік қағидаты жаңа бағдарламаларды әзірлеу мен байқаудан өткізуді жеделдетуге, орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Мектеп қабырғасында өткізілетін іс-шаралар
Алматы қаласында ашылғалы отырған химия-биология бағытындағы зияткерлік мектеп жоғары оқу орындарымен байланыста жұмыс атқаратын болады, мектепте ғалымдар мен мұғалімдердің бірлескен «Ғылым әлемін ашамыз!» Жобасы іске асырылады. Бұл жоба оқушылардың өнертапқыштық және зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, болашақ жас ғалымдарға өзіндік жеке ғылыми жобаларын жасауға бағыт береді.
Мектепте оқу уақыты сағат 8,00-де басталып, 17.00-де аяқталады. Сабақ уақытында оқушыларға үш мезгіл тамақ беріледі, жатақханада тұратын оқушылар үшін бес мезгіл тамақ ұйымдастырылған. Сондай-ақ, оқу уақытында балаларға кітап оқуға (Чтение раза), қозғалыс белсенділігіне де уақыт берілген (флешмоб).
Сабақтарды өткізу ерекшеліктері
Мектеп - Қазақстандағы ең ірі білім ошақтарының бірі, жалпы саны 960 оқушыға арналып салынған. Аумағы 5,7 гектардан астам жерді алып жатыр. Ал ғимараттың ауданы - 103 мың шаршы метр. Мектепте екі жабық спорт залдары, бөлек баскетбол және футбол алаңдары, сондай-ақ бақша орналасқан. 9 блоктан құралған мектепте 70 оқу кабинеті мен 25 зертхана қарастырылған. Дәстүрлі оқу кабинеттері мен зертханалармен қатар, мектепте интеграция, техникалық үлгілеу, -нано-био технологиялар, робототехника, жеке сабақтар және психологиялық жеңілдену кабинеттері бар. Кеңейтілген физика, химия және биология зертханалары халықаралық заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған. 270 орындық жатақхана, еліміздің басқа да қалаларынан келген дарынды оқушылардың осы мектепте білім алуына мүмкіндік береді.
Үш залдан тұратын кітапхана оқу-әдістемелік құралдармен, классикалық көркем әдебиеттермен, медиатекамен жабдықталған. Кітапхана оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізіп, алынған ақпараттарды талдайтын ақпараттық орталық ретінде жұмыс істейді.
Әр түрлі шараларды өткізуге 480 орындық акт залы, 100 орындық дәрісхана, 50 орындық конференц-зал ыңғайлы етіп салынған.
Оқушылар 500 орындық екі асханада тамақтанатын болады.
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне конкурстық іріктеуде болашақта жоғары деңгейлі Қазақстандық және шетелдік оқу орындарында білім ала алатын жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білім алуға қабілетті оқушылар таңдап алынады. Қазіргі уақытта 790 оқушы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» грантының иегері атанды. Грантты жеңіп алған 7-8 сынып оқушыларының орташа балы 1000-нан 819-646 аралығында болса, 9-10 сынып оқушыларының орташа балы 60-тан 28,6-23,4 аралығында.
Мұғалімдер құрамы 140-тан астам жоғары білікті мамандардан құралған. Оның ішінде 54 мұғалім - жоғары санатты. Мұғалімдер арасында «Қазақсатн Республикасы Білім беру ісінің үздігі», Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль иегерлері, «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарының иегерлері бар. АҚШ, Ұлыбритани, Канада, ҚХР сияқты шет мемлекеттерден келген мұғалімдер ағылшын тілінде пәндерден сабақ беріп, мектеп ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын жүргізетін болады.
Мектеп жайлы
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2015 жылы 11 тамызда салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшитдинова, сондай-ақ, белгілі ғалымдар, саясат және қоғам қайраткерлері, педагогтер, оқушылар, ата-аналар қатысты.
Республикамызда Назарбаев Зияткерлік мектептері Елбасының бастамасыен «20 Зияткерлік мектеп» бағдарламасы аясында салына бастады. Ең алғашқы зияткерлік мектеп 2009 жылы Астана қаласында салынды. Алматы қаласындағы химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебі қала бойынша екінші мектеп болса, республика бойынша он тоығызыншы мектеп болып отыр.